Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  132


Автор: Кәкімбек Салықов

ЖЕҢЕШЕ

(Шәмшіқұмар Құрманқұл келініне)
Ауылға барғанда қайным деп,
Өзгеден сен қанат жайдың көп.
Шіркін-ай, білгім кеп тебіренем,
Жүгіртіп қойды екен қай міндет?
Есімде кешегім, бүгінгім,
Балдырған күндерге үңілдім.
Жеңеше, алдымда жүгірме,
Өзімнің келіп тұр жүгіргім.
Жүректің лүпілін санасам,
Жасарып кеттім жас балаша.
Ақ көңіл, кең пейіл жеңеше-ай,
Мінезің не деген тамаша?!
Жүрсем де ауылдан шеткері,
Ұзамас көңілімнің кептері.
Ауылымның үлкені болдыңдар
Үлкендер аттанып кеткелі.
Жарқырап тар үйің сарайша,
Шаттандың достарым молайса.
Анамдай ардақты жеңеше-ай,
Мен парыз ақтармын қалайша?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу