Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  91


Автор: Кәкімбек Салықов

БАҚЫТ ДЕП БІЛЕМ ӨЗІҢДЕ КӨРГЕН ӘР КҮНДІ

Сүйемін, Көкше, бауырмал таза салтыңды,
Көркіңнен көркем бірталай өлең, ән туды.
Көлде аққу-қаз сырнайлатса саңқылдап,
Бола түстің күннен-күнге тартымды.
Сексен көлді «Гәккулеп» құстар тойлаған,
Сондайда түсті таңғажайып ой маған.
Күз келсе де маңайдың бәрі тамаша,
Жезкиік өтті жаз бойы мені ойлаған.
Ақ қайың ғажап, аумайды таныс арудан,
Желпініп қарап, болады мұңға салынған.
Қоштасарда ақ білегін кең жайып,
Сездірмейді жүрегін қаққа жарылған.
Сыйлаймын, Көкше, күз келсе қоңыр салқынды,
Сеземін сергек бойымда жаңа қарқынды.
Қысың да жақсы аязды аппақ қарымен,
Бақыт деп білем өзіңде өткен әр күнді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу