Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  99


Автор: Кәкімбек Салықов

Біреулер жүр еліктіріп хандарды...

Біреулер жүр еліктіріп хандарды,
Оны халық ішіне түйіп, аңғарды.
Депутат жүр өз байлығын қорғауда
Қолпаштаумен кей қолайсыз заңдарды.
Кім әкетті қанша бұйым-мүлікті,
Кім құртты миллиондаған түлікті?
Барша халық ішіне тұнған жанартау
Қыздырып тұр үрлеп үлкен күдікті.
Байлар ерен байып бара жатқанда,
Кедей байғұс күйзеліске батқанда,
Көп ұзамас, әділдікке қол жетіп,
Әсіре байлар түсер деймін қақпанға.
Өмір деген – аласапыран арпалыс,
Нарықта жоқ бәз-баяғы зор табыс.
Әбжыландай қылқындырып барады
Қарызға батқан АҚШ-ты да дағдарыс.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу