Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  111


Автор: Кәкімбек Салықов

Бурыл тартқан шашыма біреу күйінсе...

Бурыл тартқан шашыма біреу күйінсе,
Ішіме сыймай, мырс етіп күлкім жеңеді.
Ақ шашыма қызығып біреу сүйінсе,
Жаныма рахат, бой жазар жылу енеді.
Шашымда менің жылтыраған қара жоқ,
Секілдімін көп жылқыда дара көк.
Жас келіншек сәлемдессе: «Ата!» – деп,
Бойым қызып, жүрегімде жанады өрт.
Жыр тәуірін әкеледі құба таң,
Сол шаттықпен өзімді өзім жұбатам.
Күндіз көрген көп адамның ішінде:
«Аға!» – деген аруларды ұнатам.
Мың толғанып,
Шомылсам ойға жай тауып,
Қарттық, шіркін, қалыпсың ғой байқалып.
Жасару жоқ, жүзге қарай аяңдап
Жүріп келем өлеңмен қару қайтарып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу