Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  108


Автор: Кәкімбек Салықов

АСТАНАНЫҢ АЖАРЫН АШҚАН АРУ

Ақ жалын әуез құлшынтар,
Қыз қайда абзал Аймандай?!
Ай маңдай жайнап ұмсынтар,
Алдыңда жұлдыз жанғандай.
Тасыған үнге жан дәрмен
Жалғасар қызыл шырайы.
Орнайды әсем балдәурен,
Туғандай өнер Күн-Айы.
Жарқ етіп қарай қалғанда,
Әмбеге шаттық себеді.
Жеткендей ынтық арманға,
Табылар жүрек керегі.
От сезім селін жасырып,
Ұмтылсаң құпия сақтауға,
Жүзінен жүзім шомылып,
Шыдатпас сезім шақтауға.
Мейірбан, нәзік жылулық
Өзіне баурап, бұрып тұр.
Әлемге біткен сұлулық
Тал бойында тұнып тұр.
Ақ марал көрсем ғажабын,
Айтайын көпке ашық сыр.
Астана абзал ажарын
Көркімен Айман ашып тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу