Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  108


Автор: Кәкімбек Салықов

Тау ішінде тауды жырлап өтемін...

Тау ішінде тауды жырлап өтемін,
Көл шетінде құсқа құрмет етемін.
Қырға шықсам, қызыл ішек киген қыз,
Жырлай-жырлай өзіңді іздеп өтемін.
Жаршысымын туып-өскен даланың,
Аққу-қазға сәлем айтар бар әнім.
Сұлу көрсем бір сүймеуге хақым жоқ,
Жүдеп тұрмай, жүрек тілін аламын.
Алыс жолда елді жылдам сағынам,
Ата-баба зиратына табынам.
Қайда жүрсем, ауылым, сені көп ойлап,
Жөнді жәрдем тимеді-ау деп қамығам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу