Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  80


Автор: Кәкімбек Салықов

Жадымнан шықпас ешқашан

Жадымнан шықпас ешқашан
Ауыр ой шексіз қиыры.
Шақырып желге төс басам,
Жезкиік жонда үйірі.
Сыр төксем құстар шулаған,
Айдынды шалқар көлдеймін.
Бір ауыз өлең тумаған
Күндерде құмды шөлдеймін.
Таудағы ұшан судаймын,
Дүркіреп аққан сарқырап.
Мезетін сәттің бұлдаймын,
Өткендей жүзің жарқырап.
Тағдырмен жүрсем алысып,
Өмірден күтіп дұрыстық,
Шаттық пен қайғым жарысып,
Бермейді бір сәт тыныштық.
Қауласа сағым жансебіл,
Үмітке ойран салады.
Тәубе деймін, әйтеуір,
Жер айналып барады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу