Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  86


Автор: Кәкімбек Салықов

ЭЛЕГИЯ

Арқалап мұңын ғаламның,
Соққысын таттым заманның.
Ойда жоқта оқ тиіп,
Қиянат шеккен адаммын.
Жүрегім шалқып-тасынған,
Құштарлық шексем жасымнан,
Жадымнан менің шықпайды
Сағымда жүрген асыл жан.
Көбейді достар төрлетіп,
Талай жер көрдім ержетіп.
Таусылды менің тағатым,
Жезкиік, өрден сен кетіп.
Көп іздеп көкте самғадым,
Үмітпен сенім жалғадым.
Шалдықсам жеңіп құсалық,
Сағыныш селін арнадым.
Өтті ме өсек сөз-күйік,
Кетті ме қырда көз тиіп?
Мөп-мөлдір нәзік жан едің,
Сағындым сені, жезкиік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу