Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  119


Автор: Кәкімбек Салықов

КӨКШЕТАУ – ДАРХАН, ДУМАН ЖЕР

Тау жетпес Көкшетауға жер бетінде,
Сөз жетпес теңеу болар келбетіне.
Саясы сексен көлдің жаралыпты
Жүректің жұқа жерін емдетуге.
Қайырмасы:
Мақтауға татыр,
Ерледі батыр
Абылай алаң құрған жер.
Көк майса өрі,
Ән-жырдың төрі
Көкшетау – дархан, думан жер.
Көк мұнар көсем таулар кербез, асқақ,
Ту тіккен бар қазаққа ұран тастап.
Оқжетпес, Сырымбеттер туған екен
Өтуге сұлулықтың көшін бастап.
Қайырмасы.
Қазақтың тарихы бар әр тасында,
Жаңғырды Ақан әні жартасында.
Жалындай Құлагердің желкілдейді
Көшкен бұлт көкшіл таулар алқасында.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу