Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  154


Автор: Кәкімбек Салықов

ЖЕТІСУ МЕН КӨКШЕДЕЙ

Тамсантқан алтын арай таңыменен,
Сүйсінткен жан баураған сәніменен.
Көкшетау Жетісумен жалғасып тұр
Біржан сал, ақын Сара әніменен.
Балқаштың ғашық болып ақ түніне,
Алатау сәлем беріп ақ гүліне;
Оралған сексен көлден аққу-қаздар
Салады Үкілі Ыбырай «Гәккуіне».
Тойлы ауыл Сырымбеттің саласында,
Көз салса оза тартқан қарасынға,
Құлагер шауып жүрген секілденер
Көкше мен Жетісудың арасында.
Жаңғырса Ақан сері арман әні –
Есінен бар қазақтың қалмағаны.
Ақындық Құлагері Ілиястың
Тамаша ел мен елді жалғағаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу