Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  159


Автор: Кәкімбек Салықов

АҚАН СЕРІ

Ұқсаған тұлпарға да, сұңқарға да,
Болғаны қандай жақсы атаң дана.
«Бір сырлы, сегіз қырлы» бар қазақта,
Атасы серіліктің Ақан ғана.
Сұлу саз, асыл жырдың аққан селі,
Кемеңгер әншіліктің ақтангері.
Саятшы, бапкер, ұстаз, ел ағасы,
Жан досы Құлагердің – Ақан сері.
Жын емес, пері де емес тақсыр күлген,
Тозған ел дүлдүлі еді бапсыз жүрген.
Жасқантқан Жәңгір ханды Исатайдай,
Сарыарқа патшасы еді тақсыз жүрген.
Аспанда шарықтаса «Қараторғай»,
Сырымбет сырласады дара толғай.
Дүниеден Құлагермен Ақан өтіп,
Қызыққа қалды біздің дала толмай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу