Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  82


Автор: Кәкімбек Салықов

ЕСІЛ МЕН КӨКШЕ – БІР АЙМАҚ

Көк Есіл, кербез, ер Көкше,
Аумайсың алтын аралдан.
Мағжандай дарын ерекше,
Шоқандай дана жаралған.
Қайырмасы:
Көк Есіл жыр байлап,
Сексен көл сырнайлап,
Оқжетпес тұр жайнап.
Аққулы көркем,
Гәккулі өлкем,
Есіл мен Көкше – бір аймақ.
Байтақ ел әнмен ұласты,
«Елім-ай» қалай аңдатпас?!
«Гәккуім» жайса құлашты,
Жұлдыздай жанды «Гауһартас».
Қайырмасы.
Жағаңа қонды, Есілім,
Әлемге әйгі Астанам.
Ақорда ашты есігін,
Бақытқа елді бастаған.
Қайырмасы.
Серілер өшпес салты бар,
Бірліктен ұрпақ жаңылмас.
Құлагер жортқан даңқы бар,
Есіл мен Көкше – бауырлас.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу