14.06.2022
  376


Автор: Алмат Исәділ

Шырша тойы

Армысыңдар, халайық,
Тату-тәтті болайық.
Жаңа Жылым қош келді,
Шырша шамын жағайық.
Бармысыңдар, халайық,
Әсем әнге салайық.
Аяз Ата қолынан
Сый-сыяпат алайық.
Құтты болсын, халайық,
Шырша тойы ғажайып.
Ырысымыз көбейсін,
Жылдан-жылға молайып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу