14.06.2022
  971


Автор: Алмат Исәділ

Сәлем

Сәлем берем ақсақалға,
«Ассалаумағалейкүм!» – деп.
Риза болар жақсы атам да,
Көрсеткенге мол құрмет.

Сәлем берем әже-апама,
«Есенсіз бе?» – деймін де.
«Шүкіршілік, е, жасаған!» –
Ақ батаға байимын мен.

Сәлем берем үлкендерге,
«Аманбысыз, аға?» – деп.
«Таудай болғын жұрт өрлеген!»
Тілек айтар о да көп.

Сәлем берем кішілерге,
«Саумысың, – деп, – бауырым?»
Сәби сөзге түсінер ме,
Жимияды сәл інім.

Өніп-өсіп өз дестеңде,
Асуға шық, ас белес!
Адамдармен кездескенде
Сәлем берем, басқа емес!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу