14.06.2022
  286


Автор: Алмат Исәділ

Мұғалім

Жаққан білім шырағын,
Таққан ғылым тұмарын.
Әліппені үйреткен,
Ол кім десең – мұғалім!

Баптап ойдың қыранын,
Тапқан асқақ тұрағын.
Жазуға да үйреткен,
Ол кім десең – мұғалім!

Шырқап шаттық жыр-әнін,
Ашқан ақыл бұлағын.
Жақсылыққа үйреткен,
Ол кім десең – мұғалім!

Айтқаныңды ұғамын,
Білімді боп шығамын.
Биіктерден көрінсем –
Сенің арқаң – мұғалім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу