Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  151


Автор: Кәкімбек Салықов

МАҚТА ТЕРГЕН НӘЗІК ҚЫЗ

Ақ алтын аппақ гүлдей өрнегін-ай!
Құтты жер шөлі қанып бергені бай.
Жем жеген құс тұмсығы сияқтанып,
Он саусақ дамыл таппай тергенін-ай.
Қара көз ақ ұлпаны баппен алар,
Әудемде үлп еткізіп қапқа салар.
Аққудың мойынындай ақ білегі,
Аршындап мырза атыз артта қалар.
Нәзік қыз, тәжік қызы көзі сенде,
Толқимын іштей сезім бөлісем де.
Тіл қатпай, алшақтамай жүре берем,
Жүректің лүпілімен терісем де.
Алтын күз...
Тыңдар шағы марапатты,
Алтын қыз ашты маған жаңа сәтті:
Көп қыздар ақ мақтаны жинап алып,
Әлемге ән төгілтіп бара жатты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу