Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  80


Автор: Кәкімбек Салықов

АНЗОПТА КӨРГЕН АРУҒА

Анзоптың қызы, ғажапсың
Жолаушы аздап наз артсын.
Сезімді сөзім жеткізіп,
Күдікті ойдан тазартсын.
Ажарың ерке, жайдары,
Жүректің төрін жайлады.
Жүзіңнен жүзім төгіліп,
Жібермей жіпсіз байлады.
Сөйтер ме едім жек көрсең,
Жетпеді шыдам өпкенше.
Шөлдемеспін мен енді
Ауылға есен жеткенше.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу