Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  90


Автор: Кәкімбек Салықов

Ескенде тау ішінің ызғар лебі...

Ескенде тау ішінің ызғар лебі,
Жылытты-ау көздерімен қыздар легі.
Сұлулар жүзім терген тоқтай қалып,
Әнімнің бір үзімін тыңдар ма еді.
Ішімнен қайталаймын ырғағымды,
Табады домбырасыз кім бабымды?
Ақынның жүрегі де жершіл екен,
Сағынтты тауда жүрсем қырдағымды.
Ақ бұлтқа ұмсынғандай жаумай өтер,
Селк етіп қарамады-ау таулар бекер.
Ақсары, аққу мойын, тостаған көз,
Қызынан Қызылжардың аумайды екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу