Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  67


Автор: Кәкімбек Салықов

ПАМИРДЕГІ КӨРІНІС

Жоталар сансыз қаулады,
Кеткендей жерді тау басып.
Құлшынтып көзді жаулады,
Ақ басты құздар жалғасып.
Күн асықпай қызғандай,
Алыстан саспай атады.
Ұйқысын қимас қыздардай,
Маужырап шыңдар жатады.
Қарлы тау шетін мұз шалған,
Күн түссе аппақ етіне.
Көргенде мені қызарған,
Ұқсайды сенің бетіңе.
Ақ төсі жатқан бұлтиып,
Ашылды құзарт ақ маңдай.
Тауды тұр құшып, бұлт сүйіп,
Сен мені іздеп тапқандай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу