Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  101


Автор: Кәкімбек Салықов

РУДАКИДІҢ ІНІСІНЕ АЙТҚАНЫ

«Қатты кеттің, аға», – деп сөкпе мүлде,
Ойлансаңшы,
Жоқ дейсің өкпе кімде?
Аққа қара жаққыш деп естігенде,
Білу қиын ес шығып кеткенін де.
Ақпа-төкпе мол екен тасынғаны,
Ұмытпадым тік жала басын да әлі.
Жарамады араздық еткізбеуге,
Жуан досың өсекшіл қасыңдағы.
Үлкендікті танымау – сүймейтінім,
Артымыздан кім алсын күлмей тыным.
Аңдап қара, бауырым, ақынмын ғой,
Алған беттен қайтуды білмейтұғын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу