Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  79


Автор: Кәкімбек Салықов

ВАХШ АҒЫП БАРАДЫ

Вахш ағып барады буырқанып,
Жасыру жоқ бойымда сезімді анық.
Сылаң қаққан қараймын бүлкіліне,
Тау ішінде жүр едім көзім талып.
Етек-жеңі қыз толқын кең сияқты,
Қымсынады сұлудай ең зиятты.
Жай толқынды нән толқын ала тартты,
Сені әкеткен тасаға мен сияқты.
Көп шағала тынбайды шуылдасып,
Ақ қанаттар жайнайды нұрын шашып.
Бізді көріп әдейі әндетеді,
Саған айтар құпия сырымды ашып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу