Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  98


Автор: Кәкімбек Салықов

МАҚТАНЫШ

Жанымды жалындатса мың әлегі,
Сүйсінтіп шыдатпады қыз әдемі.
Арналды тұңғыш өлең сол сұлуға,
Тұсауын кесті өшпес жыр әлемі.
Жер жарып, артық шығу қиял еді,
От сезім жырсыз қайда сыяр еді?
Бір күні тұңғыш өлең жарық көрді,
Сөз беріп «Қазақстан пионері».
Бәрі де естелікке керек бүгін,
Мадақтап, құттықтады деректірім.
Нағима Сәрсенқызы шын шаттанды,
Онсыз да сүйсінтетін зеректігім.
Қызықтың зоры болды балаларға,
Жөн білмес бала ретін шамалар ма?
Жарты қап кәмпит алып біз тараттық
Газеттен келген тұңғыш гонорарға.
Шабытты талай көктем, жаз да өтті,
Ауылымды сол өлеңім шын мәз етті.
Құлын жыр
Шұрқыраған шумағы бар...
Әлі де сақтап жүрмін сол газетті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу