Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  96


Автор: Кәкімбек Салықов

ҚОС ЖҰЛДЫЗ АШЫЛДЫ АНЫҚ

Сал Көкше шалқып нулы,
Той бастап думан-шулы.
Қасында ақын Сара,
Біржан сал қайта туды.
Қайырмасы:
Сырлы саз асылданып,
Ән жетті ғасырды алып.
Әлемге нұрын шашып,
Қос жұлдыз ашылды анық.
Бүршігін ашқан жаңа,
Ақ гүлдей өскен дара.
Жәннат жер Жетісудан
Жарқ етті ақын Сара.
Қайырмасы.
Тайталас қарқындады,
Тасқын жыр таусылмады.
Айтысып қос дүлдүлім,
Жан сырын жасырмады.
Қайырмасы.
Байтақ ел толқып-тасып,
Тойласа әнге басып,
Барады Біржан – Сара,
Қос жұлдыз қолтықтасып.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу