Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  110


Автор: Кәкімбек Салықов

МАХАББАТ ӘНІ

Бұлбұл құс сайда сайрайды,
Махаббат әнін жалғайды.
Аңсаған жаны талмаурап,
Жүрекке әнін жалғайды.
Қайырмасы:
Сайрашы, бұлбұл, сайрашы,
Жан құштар әннен таймашы.
Сақ-сақ күліп, тік шырқап,
Жүрекке жүлде байлашы,
Сәулеме сәлем арнашы.
Сүйеді жаным сондайды,
Жолымды тағдыр оңдайды.
Махаббат әні маздаса,
Айықпас дерттен қорғайды.
Қайырмасы.
Тыңдасам әнші торғайды,
Сұрайды менен сен жайлы.
Шырылдап бірге жүрегім,
Мазасыз маусым орнайды.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу