Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  95


Автор: Кәкімбек Салықов

ҚАЗАҒЫМДЫ КӨБЕЙТЕЙІК ОСЫЛАЙ

Жыр жұлдызы «Жезкиігім» – күйлі ағын,
Күйлі ағында тапса шабыт құндағын.
Жәнібектің алпыс жылдық тойында
Үш ұл тапқан келініме сыйладым.
Бөгет болмас балалардың көптігі,
Балғын Бану сынақтардан өтті ірі:
Үш ұл және Жәнібекті бағып жүр,
Оған қоса: ұстаз, ғылым докторы.
Фазыл аға келінінің қосы бай,
Үш ұл үшін мадақтайық шошымай.
Үлгі алыңдар, келіндерім, Банудан,
Қазағымды көбейтейік осылай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу