Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  312


Автор: Кәкімбек Салықов

ҚАНЫШТЫҢ ҮЗДІК ШӘКІРТІ

Кешсек заман аумалы да төкпелі,
Кейде өзіме өзім болам өкпелі.
Қазағым-ай, бірін-бірі түрткілеп,
Есімізде Мұхтарды да сөккені.
Елге аян кешкен күні Қаныштың,
Жезқазғанда көп сырымен таныстым.
Жағымпаздар билікпенен бірігіп,
Арпалысты аруағымен арыстың.
Көп әрекет қастан емес сырттағы,
Індеттер бар іште, атажұрттағы.
Ебінейдің де ерте өткені өмірден –
Қазағымның бірін-бірі құртқаны.
Қатар ұстап селені мен өлеңін,
Шекспирден алды ойдың тереңін.
Тәуелсіздік орнағанда қайтадан,
Туған елім сыйлады өз еренін.
Белгілі сыр заманы бір танысқа,
Мақтан етем бармай-ақ көп алысқа.
Мағжан ағам жақын тұрса Абайға,
Ебіней ағам тақау тұрды Қанышқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу