Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  123


Автор: Кәкімбек Салықов

АЙЫРТАУ АТТЫ АУДАНЫМ

Айыртау деп атаймыз аудан атын,
Тарихы бай қазағым таңғалатын.
Шоқан, Ақан, Орынбай, Үкілі Ыбырай
Есімдері желпінтер жан қанатын.
Сал Сырымбет самғатқан санамызды,
Ел біледі ол жайлы бар аңызды.
Құлагердің ор болып ізі қалған,
Ардақтаймыз киелі даламызды.
Патша алдында көтерген бағамызды,
Жақындатты төремен арамызды.
Уәли хан өлген соң орда салған,
Мақтан етем Айғаным анамызды.
Кемеңгер бар жазылар талай дастан,
Ашар оған қабағын арайлы аспан.
Соғыс жылдар басқарған қазақ елін
Шаяхметовтің Айыртау жолын ашқан.
Қайсар, өжет десеңші қандай мықты,
Ұмытпайық, ағайын, Жанбаевты.
Бәйкен, Еркін, Баяндар ер атанып,
Елдің қамын еш қамшы салмай ұқты.
Көп тізбектеп арыстар айтпан бәрін,
Ақын Мұса еді ғой атпал дарын.
Айыртаудың жыршысы сол болатын,
Көрдік талай жеңімпаз атты алғанын.
Саумалкөлім – аудандық бас қаламыз,
Келбетіңе сүйсініп, шаттанамыз.
Ордабасы, Ұлытау, Қазығұртпен
Атың тең деп, Айыртау, мақтанамыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу