Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  86


Автор: Кәкімбек Салықов

РОМАНС

Билейді ерке қуаныш
Аңсаған сені шағымда.
Жақындап арман тым алыс,
Сайрайды бұлбұл бағымда.
Үміт пен сезім бірыңғай
Кездесу күтіп қинайды.
Шұрқырап тентек құлындай,
Жүрегім қатты тулайды.
Зіл артпай таза көңілге,
Жарылсам бүгін ағынан:
Көңілім қалып өмірге,
Қиналған сәтте сағынам.
Сөзіңнен мәңгі жатталар,
Үзбедім көңіл елеңін.
«Сабақты ине сәт табар»
Дегенге берік сенемін.
Кездестің қуат бергендей,
Үзіле жаздап жалғандым.
Пейіштің қызын көргендей,
Көркіңе қатты таңдандым.
Рахат, ләззат татымы
Елжіретсе жан шеккен,
Алғыс алдым ақыры
Жанарыңнан жарқ еткен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу