Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  70


Автор: Кәкімбек Салықов

ОПТИМИЗМ

Кейпін көріп көшеде масқараның,
Аяп кеттім тұрғынын бас қаланың.
Қопарып тұр қоқысты тамақ іздеп,
Тік қарауға бетіне жасқанамын.
Міне, достым!
Айырсаң «жер» мен «көкті»,
Көңіл жүгін көп пақыр термен төкті.
Ардагер мен саудагер күйін көрші,
Білгің келсе бүгінгі «бар» мен «жоқты».
Керек десең көрініс пайымдырақ,
Бос үгітті шындықтан айыр бірақ.
Қалай ғана қабырғам сөгілмесін,
Көшеде тұр көп адам қайыр сұрап.
Осы еді ғой көргенім түске дейін,
Ертең жақсы болар деп түс көрейін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу