Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  99


Автор: Кәкімбек Салықов

БУРАБАЙДЫҢ ҚАРА НАРЫ ЕКЕНСІҢ

(Қайырлы Құрмановқа)
Ескісі өтіп,
Қанат жайса тың ғасыр,
Қайырлы інім,
Елді емдегіш мырзасың.
Сарыарқаның ақ халатты алыбы,
Оқжетпестей арда, кербез тұлғасың.
Сал табиғат асыл досы, үмітсің,
Айнакөлге ажар берген жігітсің.
Қайырымды мінезіңмен мейірбан,
Көкшетаудай көз тойдырар биіксің.
Теңеу гүлін терсем таңсық не түрлі,
Саған лайық өлең гүлшоқ жетілді.
Не десем де көрінесің көзіме
Тірі жүрген Жекебатыр секілді.
Келбетіңнен есіп тұрса жылылық,
Көрген адам қалады бір жылынып.
Мен қуандым Абылай ханның аруағы
Желеп-жебеп жүргендігін ұғынып.
Сен Мағжандай өжет, қайсар, бекемсің,
Әлі талай армандарға жетерсің.
Буырқанған қарағай, қайың ішінде
Бурабайдың қара нары екенсің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу