Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  110


Автор: Кәкімбек Салықов

Тас көрсем де жүзіне елең етіп...

Тас көрсем де жүзіне елең етіп,
Суреттеймін гүлдей пәк өлең етіп.
Бір өлеңім біткенде тағы бір ой,
Ұмтыламын соңына ере кетіп.
Кеншіліктен үйренген қимыл-екпін,
Қажымайтын қарқынын өнеге еттім.
Тоқырау жоқ, тоқтау жоқ,
Жаны бірге,
Шабыт деген құлымын кереметтің.
Ақ қағазбен ашылар дұрыс алаң,
Ізгі тілек бастырмас бұрыс қадам.
Өрге басқан жүйрікше өршеленіп,
Ауыр жұмыс үстінде тыныс алам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу