Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  77


Автор: Кәкімбек Салықов

АШЫҚ СЫР

Өту қиын бұл фәниден жасқанбай,
Әу дегенше тиер басқа тас қандай?!
Ерте кетті Сегіз сері өмірден,
Бар күйігін сұм қара жер басқандай.
Асылдарға артқан, тағдыр, пәлең де,
Перде жапты-ау көз бояғыш мәнерде.
Тоқтата алмай жарылысын жүректің,
Кең жалғанға сыймай кетті Сәбең де.
Ыстық қаным осындайдан суыған,
Толғанамын көкірегімді буып ән.
Қуғын көрген Шаяхметовтің ажалын
Хрущевтің шатағы деп ұғынам.
Қиямет-қайым деу ғой мұны дұрысы,
Шындық жеңді, әркім айтар сыбысын.
Жақсы ұқсастық жайнай берсін өмірде,
Адамды адам қырып-жою құрысын.
Кей «дөкейге» тар болғанда кең жалған,
Мықтыларды құрытуға ен салған.
Ебіней аға қуғын көрген күндерде
Ұяты бар орыс-қазақ тамсанған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу