Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  84


Автор: Кәкімбек Салықов

Бастан кешкен ащы өмір

Бастан кешкен ащы өмір
Ерте үйретті сабағын.
Нұр төгер деп қай көңіл,
Қадалып көп қарадым.
Ішімде күйік жатса да,
Өзіңе ғана табынам.
Қуансам, қайғы басса да
Өзіңді, анам, сағынам.
Әр сөзіңді сақтаймын
Желігіп кеуде қақпауға.
Тірлікте тыным таппаймын
Ақ сүтіңді ақтауға.
Көңілім – қиял орманы,
Бойымда парыз әбден көп.
Өтпесем, шіркін, болғаны
Көз жұмарда «әттең» деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу