Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  90


Автор: Кәкімбек Салықов

Ұзарады күн ертең торғай адым...

Ұзарады күн ертең торғай адым,
Оранамын мен неге ойға қалың?
Жырдың көбін жүруші ем түнде жазып,
Енді таңнан сәт күтті ойлағаным.
Осы күнде қашып жүр ұйқы менен,
Оятады тым ерте сиқыр өлең.
Шығар күннің жылуы жеткені ме,
Қызық екен келгені бүйтіп өлең.
Түн қысқарса, аулақпын өкініштен,
Өзгеріске көнгішпін, етім піскен.
Жас кезімде түн серік, енді бүгін
Ерте оянып, жолығам татымды іспен.
Ұзарады күн ертең торғай адым,
Қозғалады көкіректе толған ағын.
Торғай адым түзелсең кешегіден,
Жырым, саған сәт тілеп қол қоямын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу