Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  85


Автор: Кәкімбек Салықов

Болыс болдым, – деп еді, –

«Болыс болдым, – деп еді, –
Бар малымды шығындап».
Абайдың сөзі келеді,
Өсу жоқ бермей тығындап.
Тәуелсіз күнді көз көрді,
Арқалылар наз арттық.
Қалталылар тез өзгерді,
Оларға жетті азаттық.
Шенділер алған парасы
Ашылып жатыр не түрлі.
Шәкірт пен ұстаз арасы
Парамен сұмдық жетілді.
Жетті ғой бізге жай тегін,
Сөзіне Абай сенер күн.
Билікті шенеп қайтейін,
Халқыма бүгін не дермін?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу