Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  96


Автор: Кәкімбек Салықов

ҚЫЗЫЛЖАР ЕСКЕРТКІШ ОРНАТТЫ

Нар тұлға, еңсегей ер еді,
Металлург лауреат атанған.
Мейірбан мінезі кең еді,
Ерекше көрінген қатардан.
Ар-намыс мол еді ісінде,
Шырқаған биікке шын ғалым.
Тапжылмай тер төгіп, ел білді
КарГУ-ді тамаша құрғанын.
Көшпелі өмірді көрсеткен,
Ұлтжанды есімі нұрланды.
Ол жазды әдеппен қол жеткен
«Атанның қомында туғанды».
Қинады кеңестік заман көп,
Үлкен төр ниеті тарылып.
Жүргенде көмірден мұнайды алам деп,
Кетті оқыс жүрегі жарылып.
Қайтадан паш етті атағың,
Нұрсұлтан биікке жеткенде.
Ол білді биліктің шатағын,
Тірідей түсірген күйікке.
Зор даңқы әлемге жайылды,
Есімі КарГУ-ге берілді.
Пәледен, жаладан айырды,
Өзіндей металлург сенімді.
Зор белгі Ебіней шақ келген,
Тас мүсін Қарағанды сомдапты.
Ал бүгін көшеге ат берген
Қызылжар ескерткіш орнатты.
Болашақ күндерге сенеміз,
Ебеке, еренсің дана дер.
Қарағанды, Қызылжар төрінде
Ел-жұрттың сәлемін ала бер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу