Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  105


Автор: Кәкімбек Салықов

МАҚТАНАЛЫҚ

Сөзі ғибрат тараған хатта қалып,
Асыл аз ба әспеттер жаттап алып?
Ілиястай Сәкенді қатар жүріп,
Шын сүйсініп, сыйлауға сәт табалық.
Саф алтынды бос тастан ақтап алып,
Бөсіп кетпей, көкімей, мақтаналық.
Жақсы деуге жақсыны құлқы қимас
Қараниет індеттен сақтаналық.
Кісі өлмейді паш етсең алқа тағып,
Оқтай тиер итаршы қақсағандық.
Қандай ғажап «үкілім», «сал», «серім» деп
Ізет, құрмет, ілтипат сақтағандық.
Біреу озса, ағайын, шаттаналық,
Өсек сөзге бүлінбе, жоққа нанып.
Терең ойдың түбіне көз тасташы,
Сырын ұқпай сөккенше отқа салып.
Байқа, қалай сілтейді басқа халық:
Бисмилладан біртоға бастап алып.
Олжастардан он есе төмендерін
Төбесіне көтерер таққа салып.
Арсыз сынмен абырой шашпағалық,
Күйкілерден асылды сақта, халық.
Мақтаналық паш етіп шын жүйрікті,
Тастамайды ол үшін тақтан алып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу