Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  80


Автор: Кәкімбек Салықов

АБАЙША ТЕРЕҢ ҚАРАШЫ...

Періште мен шайтанды
Айыра алмай қалар ма ек,
Абай бізге ой салды,
Тұжырым айтты болар сеп.
Періште болған әу баста
Деді Абай нағыз шайтанды.
Шайтандыққа алмасса,
Байлыққа бойы шайқалды.
Тоймастыққа қызықты,
Аждаһаға жарасқан.
Періште аттап сызықты,
Көк шайтан болды адасқан.
Қазынаға ел бергенін
Құлқына етті қолайлы.
Магнаттар десе сенбегін,
Қалталы шайтан молайды.
Барына етпей қанағат,
Соза берген көмейді.
Ой, Алла-ай, неткен ғаламат!
«Шайтанчиктер» көбейді.
Абайша терең қарашы,
Ұғуға үнсіз тырысып.
Барады-ау адам баласы
Шайтандыққа ығысып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу