Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  101


Автор: Кәкімбек Салықов

КӨҢІЛ НАЗЫ

Өмірдің жазы өтіп,
Қысы қалды,
Көңілдің іші тозып,
Тысы қалды.
Сыр бермей серілікпен жүрсем-дағы,
Кәрілік қыр соңыма түсіп алды.
Барады жылдар өтіп ағындаған,
Таусылмас, қайран көңіл, назың маған.
Баяғы қызыл ішік киген қызды
Боламын сағынсам да сағынбаған.
Келер деп ел шетіне сырласуға,
Қарайлап тұрғандаймын шың басында.
«Жезкиік» жаутаң қағып жұртқа жайды,
Қалғандай аңыз болып бір ғасырға.
Ақтарсам айтылмаған үзік сырды,
Жүрекке тым ертерек бұзық кірді.
Көкшетау көп қызының еркесі едім,
Бір қызы Қызылжардың қызықтырды.
Қыс келсе бар құпия баяндалды,
Шабыс жоқ қара жорға аяң қалды.
Көз салған аққу-қазға дәурен өтіп,
Бәйбішем, сенің ғана саяң қалды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу