Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  106


Автор: Кәкімбек Салықов

Кездессе оқыс қуаныш...

Кездессе оқыс қуаныш,
Жетелеп бақыт жол бастар.
Жұлдыздай жанған тым алыс,
Аңсатқан арман көз тастар.
Жолықса қатты реніш,
Ашылар ащы бастаулар.
Күткендей жаңбыр тың егіс,
Кірпіктен ыстық жас саулар.
Қайғыда өксік басылмас,
Ыстық жас көзге топталар.
Шатыққа шыққан тамшы жас
Жарқ етер де жоқ болар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу