Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  107


Автор: Кәкімбек Салықов

ҒАСЫР ҮНІ

Әр сөзінен аңқыған ғасыр сыры,
Қоңыр қобыз жан қозғар ашылды ірі.
Соңғы хабар соғыстан әкелгенде,
Әнуарбектің әлемге шашылды үні.
Естіді оны ойдағы ел, еңісте де,
Жетті ызғары, дос түгіл, неміске де.
Қолбасшыдай қаһарман дабылымен
Дүбірлі той жеткізді жеңіске де.
Құрманғазы күйіндей күмбірі бар,
Күләш апай әніндей сыңғыры бар.
Бауыржандай саңқ етер асқақ, әккі,
Әнуарбектің даусының мың қыры бар.
Радио торабы қалған байып,
Шежіресіне қалайша жалғанбайық?
Соғыс жүріп жатқандай шошып кетем,
Соңғы хабар оқыса Байжанбаев.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу