Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  144


Автор: Кәкімбек Салықов

КІНДІК ҚАНЫҢ ТАМҒАН ЖЕР

(Фазыл Кәрібжановқа)
Көргенде Нанан ауылы зираттарын,
Жан толқып, көкірегімде жыр баптадым.
Мына жер ескі ауылдың жұрты десе,
Жаттадым құтты әңгіме тыңдап бәрін.
Жасасам үлкендерге ұлы жорық,
Құтты жер кең ашылды сыры толық.
Шіркін-ай, сәтті сапар атар едім,
Толықсам ата-баба нұры қонып.
Фазеке, тусаң Нанан ұлы болып,
Сенімен жайнай түсер сыры толық.
Ержеттің бүкіл қазақ мұңын жоқтап,
Мағжандай ойы менен қырын шолып.
Ауылдың шын қамқоры, қазанатсың,
Еңбегің жазылмаған таза хатсың.
Шаяхметов, Тәшенов арыстарға
Дем берген, ақыл қосқан азаматсың.
Тер төккен Есіл-Көкше ұланысың,
Күш қосқан Қарағанды – қуанышың.
Нананнан Алатауға өрлеп жеткен,
Қазақтың алғыр туған қыранысың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу