Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  90


Автор: Қасымхан Бегманов

Көп болды құстай қанат қағысқалы...

Көп болды құстай қанат қағысқалы,
Армысың,
бауырларым алыстағы.
Арада қилы-қилы жылдар өтiп,
Арамыз бiрте-бiрте алыстады.
Түбiне тұңғиықтың батсын қайғы,
Қимасын жатқа қазақ тапсырмайды.
Туғандар, көңiл шiркiн суыған жоқ,
Туған жер оралсаңдар жатсынбайды.
Қазағым ұмытпағын өз елiңдi,
Шалқар көл, сайын дала,
өзенiңдi.
Жетедi алты қазбен сағынышым,
Өртеген күндiз-түнi өзегiмдi.
Сағынды өздерiңдi-ай сырнай далам,
Төстерiн сан тарау жол шимайлаған.
Алыста жүрген менiң,
бауырларым,
Қайтейiн қимай барам, қимай барам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу