Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  94


Автор: Қасымхан Бегманов

Неге алыстап кеттiңдер сол бiр жылдар-ай...

Неге алыстап кеттiңдер сол бiр жылдар-ай,
Жүрегiмнен төгiлген жаңбыр жырлар-ай.
Көзiмдi iлместен армандап бiрге,
Таң атқанша шертiлген мөлдiр сырлар-ай.
Аспанда ай қалқыған қара түндер-ай,
Он алтымда жинаған дала гүлдерi-ай.
Жүрегiме жасырған сағынышым-ай,
Оралмайтын мәңгiлiк бала күндер-ай.
Ақ сезiмiн сыйлаған көк белдерiм-ай,
Жүрегiмдi өртейдi өткендерiм-ай.
Маған мұңлы махаббат сыйлап едiңдер,
Тым алыста қалған сол көктемдерiм-ай.
Өкiнiштi өртеген жасырмадым-ай,
Жолдарыңа шуақ боп шашылмадым-ай.
Өмiр атты сапарда кездескен едiк,
Қай қиырда жүрсiңдер, асылдарым-ай.
Көбелегiн шiлдеде қуған белiм-ай,
Көйлегiмдi бастаудан жуған жерiм-ай.
Бұлағыңнан нәр алып,
көгерген едiк,
Аман болшы қайран ел, туған жерiм-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу