Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  113


Автор: Қасымхан Бегманов

Жалған сезiм, жалған достық, жалғандық...

Жалған сезiм,
жалған достық,
жалғандық...
Шемен болып көкiрегiмде қалған дақ.
Жетпiс сегiз,
сексендегi алаңсыз,
Тазалықты жүрген жай бар арман ғып.
Қайда сонау аппақ әлем,
мөлдiрлiк,
Сезiмдердi сабырлы ойға жеңдiрдiк.
Адамдарды айыра алмай жүрсек те,
Алыстағы армандарға телмiрдiк.
О, аяулы
армандар-ай,
армандар,
Бүгiнiмдi
ертеңменен жалғаңдар.
Осы жырды сендерге арнап отырмын,
Тiршiлiкте кездесе алмай қалғандар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу