Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  86


Автор: Қасымхан Бегманов

ЕСIЛ ЖЫЛДАР

Өткеннiң алуан түрлi сұрақтарын,
Жасырдың неге менен қыраттарым.
Өкпелеп қалған қыздай
үнсiз ақты-ау,
Сыбырлап сыр айтатын бұлақтарым.
Жолымды кесiп өттiң неге менiң,
Жырымды ақ жаңбырдай төгер едiм.
Тiзiлген тырналарды
қимай жатты-ау,
Сырларын iшке бүккен төбелерiм.
Кеткенмiн сағынған соң шыңды дара,
Төбемде жарқыраған күндi қара.
Түсiме жиi енедi
соңғы кезде,
Баяғы анам жатқан мұңды мола.
Ана бұлт жаумай өткен несiн бұлдар,
Түбiнде ұлы жырдың көшiн тыңдар.
Ессiз күннен
бiр белгi қалдырмастан,
Ес жиғызбай барады- ау есiл жылдар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу