Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  100


Автор: Ұлықбек Есдәулет

АЛДАНҒАН ҰРПАҚ

О, мен нені өмірде ұрлатпадым:
Жүрегімнің жоғалттым нұрлы оттарын,
Жастығымның жоғалттым гүл бақтарын,
Шаттығымның жоғалттым ырғақтарын.
Махаббаттың тұтатар шоғын үрлеп,
Көкіректе желбуаз көрігім жоқ.
Кітап біткен ұрлады көз нұрымды,
Алдап жүріп айнымас серігім боп.
О, мен кімнен өмірде алданбадым:
Алдамшы боп шықты ғой армандарым,
Қарамасқа айналды қорғандарым,
Дар ағашқа айналды ормандарым.
Үміт қайда,
Білмеймін мақсат қайда,
Жағымпаз боп жүгінбей жақсы ат қайда?
Барды сатып,
Бүгінде арды сатып,
Болар еді түбінде тапсақ пайда...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу