Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  116


Автор: Ұлықбек Есдәулет

АҚЫННАН САҒАТ СҰРАМА

Ақыннан сағат сұрама,
Өлшеулі ғұмыр кешпейді ол,
Құдай да болсаң сынама,
Күнәсін оның кешпей гөр.
Ақылсыз жүрек, дана ой,
Менсінбес байлық, бақытты,
Тірілтер ақын ғана ғой,
Сендер өлтірген уақытты.
Өмірі — өрт-ау, сірә да,
Өтеді ол таңды таңға ұрып,
Ақыннан сағат сұрама,
Уақыты оның мәңгілік...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу