Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  105


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Бүгінгі күнім мәңгі өлді!

Бүгінгі күнім мәңгі өлді!
Беу, бұған кімің мән берді?
Қағазға төнген шағымда
Қаламұшына қан келді.
Өң бе, әлде, түс пе бұл ғұмыр?
Қансырап жатып күлді жыр.
«Ақылдылардың ішінде
Ақын дейтұғын жынды жүр...»
Қаламнан аққан тамшы қан
Жанымды талай жаншыған.
Қағазға төгіп тынбасам
Қайғымнан қалай аршылам?
Тірлігі құрсын тірінің —
Үземін деп-ақ құрыдым
Құдайдай көрген өздерін
Құдайсыздардың құрығын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу