Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  65


Автор: Ұлықбек Есдәулет

АСТАНА. ҚЫРАУ

Астанада түн ауды,
ақ түтек қар шұбаулы,
үрлеп тұрмын деміммен,
әйнектегі қырауды.
Ақ құйынның ұршығы,
көше айналып тыншыды,
қыз ұзатып жатқандай
қарлы боран сыңсуы.
Ұзатылып кеткен кім?
ұзын сонар өткен күн,
ерігені қыраудың
нышаны ма көктемнің?
Жаның күйіп-жанса да,
жосықсызды аңсама,
еріместен жүректе
қайғы жатыр қаншама?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу